«Жалпы білім беретін орта мектептердегі география пәні бойынша мұғалімдердің кәсіби пәндік құзіреттілігін арттыру»
Курстың бағдарламасы:
Курстың сипаттамасы: География пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өзара логикалық тұрғыдан байланысты екі бөлімнен тұрады және педагогтің терең пәндік дайындығын, сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру дағдыларын дамытуға бағытталған. Курстың бірінші бөлімі географияны әлемді ғылыми тұрғыдан танудың жүйесі ретінде қарастыруға бағытталады. Бұл бөлім аясында педагогтер заманауи географияның негізгі бағыттарын жүйелі түрде меңгереді: географиялық зерттеулердің әдістері мен құралдары, табиғи-аумақтық кешендер және Жердің геосфералары, табиғи ресурстар және оларды ұтымды пайдалану, геоэкология мен тұрақты даму мәселелері, халық географиясы, дүниежүзілік шаруашылық пен геоэкономика, саяси география және геосаясат, сондай-ақ әлемнің аймақтық географиясы. Географиялық ойлаудың тұтастығын қалыптастыруға, карталармен, схемалармен, статистикалық деректермен және себеп-салдарлық байланыстармен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады.
Курстың екінші бөлімі географияны оқыту контекстінде оқырмандық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылыққа басымдық бере отырып, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған. Педагогтер мәтіннің, картаның, диаграмма мен инфографиканың негізгі ақпарат көздері ретіндегі рөлін талдайды, оқу тапсырмаларын PISA тұрғысынан бағалауды, PISA үлгісіндегі тапсырмаларды құрастыруды, сондай-ақ олардың сапасы мен күрделілік деңгейін анықтауды үйренеді. Курс география сабағын оқушылардың ойлау қабілетін, деректерді интерпретациялау дағдыларын, ақпараттың әртүрлі форматтарымен жұмыс істеуін және географиялық білімді нақты әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайларды талдауда қолдануын дамытуға арналған саналы құралға айналдыруға мүмкіндік береді.
1) География ғылым ретінде: әлемді танудың әдістері мен құралдары
2) Табиғи-аумақтық кешендер және Жердің геосфералары
3) Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану
5) Халық географиясы және әлеуметтік ресурстар
4) Геоэкология және тұрақты даму
8) Әлемнің аймақтық географиясы
7) Саяси география және геосаясат
6) Дүниежүзілік шаруашылық және геоэкономика
11) PISA-ға ұқсас оқу тапсырмаларын құрастыру
10) Оқырмандық сауаттылықты қалыптастырудың негізі ретінде оқу тапсырмалары
9) Функционалдық сауаттылықтың жүйелік құрамдас бөлігі ретінде оқырмандық сауаттылық
Курстың артықшылықтары
Асинхронды оқыту:
Ыңғайлы уақытта икемді оқыту!
Сертификаттау:
“Жалпы білім беретін орта мектептердегі география пәні бойынша мұғалімдердің кәсіби пәндік құзіреттілігін арттыру” 80 ак. сағ. көлеміндегі курсты аяқтағаны туралы сертификат
Дәлелді педагогика:
Білім берудегі дәлелді әдістер мен стратегияларды зерттеу.
Бағдарлама бекітілген:
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен (№175/95) 80 академиялық сағат көлемінде бекітілген.
✓ “Жалпы білім беретін орта мектептердегі география пәні бойынша мұғалімдердің кәсіби пәндік құзіреттілігін арттыру” 80 ак. сағ.көлеміндегі бекітілген үлгідегі сертификат
✓ «Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасына» оқу нәтижелерін енгізу
15.000 тг
26.000 тг
Стандартты тариф
Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
Жауап: Бейнекурстар - бейнелер түрінде берілген білім беру материалдары. Сіз платформада бейнесабақтарды өтіп, біліміңіз бен білігіңізді арттыра аласыз. Бейнесабақта дәрістер, презентациялар мен практикалық сабақтар болуы мүмкін.
Жауап: Бейнекурсқа тіркелу үшін платформада өзіңізді қызықтырған курсты таңдаңыз. Тіркеліп, төлем жасап, сабақтарды бастай аласыз.
Жауап: Иә, бейнекурстардың артықшылықтарының бірі - оқу кестесін өзіңізге ыңғайлап, кез келген уақытта өте аласыз.
Жауап: Бейнекурстың ұзақтығы тақырыпқа және қиындық деңгейіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір курстар шағын және бірнеше сағатқа созылса, енді бірі ауқымына байланысты ұзақ уақыт алуы (бірнеше апта немесе айға созылуы) мүмкін. Курстың ұзақтығы әр курстың сипаттамасында көрсетілген.
Жауап: иә, USTAZ PRO ACADEMY ұсынатын барлық курс Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен келісілген және аккредиттеуге жарамды. Бейнекурстарды Министрліктің талаптарына сәйкес сертификаттау және біліктілікті арттыру үшін өтуге болады.
Жауап: Курсты өткеніңіз туралы сертификат алу үшін барлық сабақты сәтті аяқтап, курстың барлық талабын орындауыңыз қажет. Курсты аяқтаған соң сіз өзіңіз тіркелген оқу платформа арқылы сертификатты жүктеп ала аласыз.
Жауап: Егер сізде бейнекурсқа кіру немесе оны көру бойынша техникалық мәселелер туындаса, платформаның қолдау қызметіне хабарласыңыз. Олар сізге техникалық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бізбен бірге оқыту мен оқуға деген көзқарасыңызды өзгертіңіз!
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. География пәні мұғалімі және география пәнінен ҰБТ эксперті қызметінде 5 жылдық тәжірибесі бар маман, педагогтермен жұмыс істеу, сабақ үдерісін тиімді ұйымдастыру және оқытуда заманауи әдістерді қолдану бағытында тәжірибе жинақтаған тренер.
USTAZ PRO бас директоры
Рамиль Кабдуалиев
Ағылшын тілі мұғалімі, Қазақстан-Американдық еркін университетінің магистрі. Әр жылдары мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру ұйымдарында қызмет еткен. Ағылшын тілін оқыту және әдістемесі, пәндердің жалпы әдістемесі бойынша 15-тен астам әртүрлі бағдарлама мен мектеп басшыларына арналған курстардың авторы.
USTAZ PRO академиялық директоры
Әбілда Нұрзат
Химия пәнінің мұғалімі, қазіргі таңда Назарбаев университетінің “Білім саласындағы көшбасшылық” атты магистр дәрежесіне оқуда. Оқушы кезінде химиядан бірнеше облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегері. Мұғалім ретінде оқушылары республикалық пәндік, халықаралық Менделеев олимпиадаларының жүлдегерлері. Химия пәнін оқытуда 8 жылдық тәжірибесі бар. Соңғы екі жылда Алматы облысында және Жаңаөзен қаласында барлығы 60-қа жуық мектептің химия пәні мұғалімдерінің тәлімгері болып қызмет атқарып жатыр. 100 ден аса химия мұғалімдерін оқытып, біліктілігін арттырған. Курсты өткізу барысында жинақтаған тәжірибесі мен білімі арқылы сіздерге пайдалы ақпарат пен тәжірибе ұсынады