Курса авторы
USTAZ PRO бас директоры
Рамиль Кабдуалиев
USTAZ PRO академиялық директоры
Нұрзат Әбілда
Курс тренері
USTAZ PRO академиялық директоры
Әбілда Нұрзат

«Child Protection: Балаларды қорғау және қауіпсіздік негіздері»

Курстың сипаттамасы:
«Child Protection: Балаларды қорғау және қауіпсіздік негіздері» курсы — балалардың қауіпсіздігі үшін нақты жауапкершілік алатын педагогтер мен мектеп командаларына арналған практикалық оқыту бағдарламасы. Бағдарлама қатысушыларға қауіп-қатерді тануды, алаңдататын сигналдарды уақытында байқап, зорлық-зомбылық пен балалардың әл-ауқатына қауіп төндіретін жағдайларда заңға сәйкес және сауатты әрекет етуді үйретеді.
Курс қатыгез қарым-қатынастың негізгі түрлерін, қазіргі заманғы тәуекелдерді (буллинг, онлайн-қатерлер, груминг) қамтиды, сондай-ақ әрекет алгоритмдері мен қауіпсіз оқу ортасын құру құралдарымен таныстырады. Халықаралық стандарттар мен нақты кейстерге негізделген бағдарлама қатысушыларда сенімділік, кәсіби сақтық және балаларға бағытталған тәсіл қалыптастырады, бұл қазіргі заманғы әр педагог үшін маңызды дағды болып табылады.
Курстың бағдарламасы:
1) Баланың дамуы мен әл-ауқатының негіздері
2) Балаларға қатысты қатыгез қарым-қатынастың түрлері мен белгілері
3) Баланың әл-ауқатына төнетін ерекше қауіптер мен қатерлер
5) Қауіпсіз білім беру ортасын құру және қолдау
4) Қатігездікке күдік туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмі
Тариф
Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
© 2026 USTAZ PRO
Байланыс ақпараты
  • Астана, Рақымжан Қошқарбаев, 11/2,
  • Электрондық пошта: info@ustaz.pro
Сұрақтар бар ма?
USTAZ PRO бас директоры
Рамиль Кабдуалиев
Ағылшын тілі мұғалімі, Қазақстан-Американдық еркін университетінің магистрі. Әр жылдары мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру ұйымдарында қызмет еткен. Ағылшын тілін оқыту және әдістемесі, пәндердің жалпы әдістемесі бойынша 15-тен астам әртүрлі бағдарлама мен мектеп басшыларына арналған курстардың авторы.
USTAZ PRO академиялық директоры
Әбілда Нұрзат
Химия пәнінің мұғалімі, қазіргі таңда Назарбаев университетінің “Білім саласындағы көшбасшылық” атты магистр дәрежесіне оқуда. Оқушы кезінде химиядан бірнеше облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегері. Мұғалім ретінде оқушылары республикалық пәндік, халықаралық Менделеев олимпиадаларының жүлдегерлері. Химия пәнін оқытуда 8 жылдық тәжірибесі бар. Соңғы екі жылда Алматы облысында және Жаңаөзен қаласында барлығы 60-қа жуық мектептің химия пәні мұғалімдерінің тәлімгері болып қызмет атқарып жатыр. 100 ден аса химия мұғалімдерін оқытып, біліктілігін арттырған. Курсты өткізу барысында жинақтаған тәжірибесі мен білімі арқылы сіздерге пайдалы ақпарат пен тәжірибе ұсынады