«Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру және сүйемелдеу әдістемесі бойынша сынып жетекшілерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы»
Курстың сипаттамасы: 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздегі барлық мектептерде «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізіледі. Біздің курс – еліміздегі алғашқы жүйелі бағдарлама, ол педагогтерді сынып жетекшісі ретіндегі жұмысқа жан-жақты дайындап, қазіргі заман жағдайында осы рөлді жаңаша түсінуге үйретеді. 120 академиялық сағат – бұл тәжірибе, әдістеме және шабыт. Курс барысында сіз сыныптық қауымдастық құруды, оқушылармен және ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орнатуды, тәрбие сағаттарын жоспарлауды және ұлттық құндылықтарды күнделікті жұмысыңызға кіріктіруді үйренесіз. Сіз тек шара өткізуді емес, нағыз мықты, саналы, жауапкершілік алатын және дұрыс бағыт таңдай білетін оқушыларды тәрбиелеуді меңгересіз. Курс нормативтік талаптарға толық сай келеді, заманауи стратегияларды, цифрлық ұрпақпен жұмысты және тәрбие процесін басқарудың нақты құралдарын қамтиды. Есте қалатын мұғалім болыңыз. Сынып жетекшісі ретіндегі кәсіби дамуыңызды осы курстан бастаңыз.
3) Сынып жетекшісінің тәрбиелік тәжірибесінің негізгі құрамдас бөліктері. Сынып қоғамдастығын құру
7) Оқу процесін басқару: кедергілер, табысқа жету стратегиялары және бірлескен сыныптық іс-әрекеттер
8) Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу
5) «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының ұлттық негізі
12) Мектеп оқушыларының цифрлық ұрпағы: тәрбие жұмысында неге көңіл бөлу керек
11) Сынып жетекшісінің оқушылардың ата-аналарымен жұмысы
10) Сыныпты басқару
9) Оқушымен тиімді қарым-қатынас және педагогикалық қолдау
6) Тәрбие (сыныптық) сағаттарды жоспарлау және өткізу әдістемесі
4) Құндылыққа негізделген білім беру
Курстың артықшылықтары
Асинхронды оқыту:
Ыңғайлы уақытта икемді оқыту!
Сертификаттау:
“Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру және сүйемелдеу әдістемесі бойынша сынып жетекшілерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы” 120 ак. сағ. көлеміндегі курсты аяқтағаны туралы сертификат
4-Mat System:
Терең түсінуге және практикалық қолдану дағдыларына баса назар аудара отырып, материалды игеру.
Жұмыс дәптері:
Стратегиялары мен пайдалы ақпараты бар курстың әр сабағына арналған жұмыс дәптері.
Дәлелді педагогика:
Білім берудегі дәлелді әдістер мен стратегияларды зерттеу.
Бағдарлама бекітілген:
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен (№175/95) 120 академиялық сағат көлемінде бекітілген.
✓ “Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру және сүйемелдеу әдістемесі бойынша сынып жетекшілерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы”120 ак. сағ.көлеміндегі бекітілген үлгідегі сертификат
✓ «Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасына» оқу нәтижелерін енгізу
15.000 тг
26.000 тг
Стандартты тариф
Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
Жауап: Бейнекурстар - бейнелер түрінде берілген білім беру материалдары. Сіз платформада бейнесабақтарды өтіп, біліміңіз бен білігіңізді арттыра аласыз. Бейнесабақта дәрістер, презентациялар мен практикалық сабақтар болуы мүмкін.
Жауап: Бейнекурсқа тіркелу үшін платформада өзіңізді қызықтырған курсты таңдаңыз. Тіркеліп, төлем жасап, сабақтарды бастай аласыз.
Жауап: Иә, бейнекурстардың артықшылықтарының бірі - оқу кестесін өзіңізге ыңғайлап, кез келген уақытта өте аласыз.
Жауап: Бейнекурстың ұзақтығы тақырыпқа және қиындық деңгейіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір курстар шағын және бірнеше сағатқа созылса, енді бірі ауқымына байланысты ұзақ уақыт алуы (бірнеше апта немесе айға созылуы) мүмкін. Курстың ұзақтығы әр курстың сипаттамасында көрсетілген.
Жауап: иә, USTAZ PRO ACADEMY ұсынатын барлық курс Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен келісілген және аккредиттеуге жарамды. Бейнекурстарды Министрліктің талаптарына сәйкес сертификаттау және біліктілікті арттыру үшін өтуге болады.
Жауап: Курсты өткеніңіз туралы сертификат алу үшін барлық сабақты сәтті аяқтап, курстың барлық талабын орындауыңыз қажет. Курсты аяқтаған соң сіз өзіңіз тіркелген оқу платформа арқылы сертификатты жүктеп ала аласыз.
Жауап: Егер сізде бейнекурсқа кіру немесе оны көру бойынша техникалық мәселелер туындаса, платформаның қолдау қызметіне хабарласыңыз. Олар сізге техникалық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бізбен бірге оқыту мен оқуға деген көзқарасыңызды өзгертіңіз!
Ағылшын тілі мұғалімі, Қазақстан-Американдық еркін университетінің магистрі. Әр жылдары мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру ұйымдарында қызмет еткен. Ағылшын тілін оқыту және әдістемесі, пәндердің жалпы әдістемесі бойынша 15-тен астам әртүрлі бағдарлама мен мектеп басшыларына арналған курстардың авторы.
USTAZ PRO академиялық директоры
Әбілда Нұрзат
Химия пәнінің мұғалімі, қазіргі таңда Назарбаев университетінің “Білім саласындағы көшбасшылық” атты магистр дәрежесіне оқуда. Оқушы кезінде химиядан бірнеше облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегері. Мұғалім ретінде оқушылары республикалық пәндік, халықаралық Менделеев олимпиадаларының жүлдегерлері. Химия пәнін оқытуда 8 жылдық тәжірибесі бар. Соңғы екі жылда Алматы облысында және Жаңаөзен қаласында барлығы 60-қа жуық мектептің химия пәні мұғалімдерінің тәлімгері болып қызмет атқарып жатыр. 100 ден аса химия мұғалімдерін оқытып, біліктілігін арттырған. Курсты өткізу барысында жинақтаған тәжірибесі мен білімі арқылы сіздерге пайдалы ақпарат пен тәжірибе ұсынады