Курстың сипаттамасы: “Бірлескен оқыту” шағын курсына қош келдіңіз. Бұл курс бірлескен және топтық оқыту арасындағы айырмашылықты түсінуге көмектеседі. Курстың бірінші бөлімінде Сіз “бірлескен оқыту” деген не және ол білім беру процесінде не үшін қолданылатынын білесіз. Сіз сыныптағы үш жұмыс режимін қамтитын үш тапсырманы орындайсыз және бірлескен оқытуға қандай негізгі талап қойылатынын түсінесіз. Әрі қарай, бірлескен оқыту негізінде сабақты жоспарлау тәсілдері, командаларды қалыптастыру тәсілдері және ABC әдістемесінің мәні қарастырылады. Курстың соңында сіз бірлескен оқытудың әртүрлі әдістерін үйренесіз және өз сабақтарыңызды әзірлеуге тырысасыз.
Жауап: Бейнекурстар - бейнелер түрінде берілген білім беру материалдары. Сіз платформада бейнесабақтарды өтіп, біліміңіз бен білігіңізді арттыра аласыз. Бейнесабақта дәрістер, презентациялар мен практикалық сабақтар болуы мүмкін.
Жауап: Бейнекурсқа тіркелу үшін платформада өзіңізді қызықтырған курсты таңдаңыз. Тіркеліп, төлем жасап, сабақтарды бастай аласыз.
Жауап: Иә, бейнекурстардың артықшылықтарының бірі - оқу кестесін өзіңізге ыңғайлап, кез келген уақытта өте аласыз.
Жауап: Бейнекурстың ұзақтығы тақырыпқа және қиындық деңгейіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір курстар шағын және бірнеше сағатқа созылса, енді бірі ауқымына байланысты ұзақ уақыт алуы (бірнеше апта немесе айға созылуы) мүмкін. Курстың ұзақтығы әр курстың сипаттамасында көрсетілген.
Жауап: иә, USTAZ PRO ACADEMY ұсынатын барлық курс Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен келісілген және аккредиттеуге жарамды. Бейнекурстарды Министрліктің талаптарына сәйкес сертификаттау және біліктілікті арттыру үшін өтуге болады.
Жауап: Курсты өткеніңіз туралы сертификат алу үшін барлық сабақты сәтті аяқтап, курстың барлық талабын орындауыңыз қажет. Курсты аяқтаған соң сіз өзіңіз тіркелген оқу платформа арқылы сертификатты жүктеп ала аласыз.
Жауап: Егер сізде бейнекурсқа кіру немесе оны көру бойынша техникалық мәселелер туындаса, платформаның қолдау қызметіне хабарласыңыз. Олар сізге техникалық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Белгіленген мерзімде барлық тапсырмаларды орындаған соң оқу жоспарынан сәтсіз өтсеңіз, ақшаңызды қайтарамыз деп кепілдік береміз.
Бізбен бірге оқыту мен оқуға деген көзқарасыңызды өзгертіңіз!
Семей педагогикалық институтынын «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 20 жылдан астам тәжірибесі бар педагог-зерттеуші. «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырған Республикалық ашық бейнесабақтар байқауының жеңімпазы.
USTAZ PRO бас директоры
Рамиль Кабдуалиев
Ағылшын тілі мұғалімі, Қазақстан-Американдық еркін университетінің магистрі. Әр жылдары мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру ұйымдарында қызмет еткен. Ағылшын тілін оқыту және әдістемесі, пәндердің жалпы әдістемесі бойынша 15-тен астам әртүрлі бағдарлама мен мектеп басшыларына арналған курстардың авторы.
USTAZ PRO зерттеулер және әзірлемелер бөлімі басшысы
Жұлдыз Саламатова
Назарбаев Университетінде көптілді білім беру (Master in Multilingual Education) саласы бойынша магистр дәрежесін алған. Барселонада орналасқан Europass academy-де Social and emotional learning бойынша білімін жетілдірген.