Біздің курсты өтіп,
2 апта ішінде
біліктілігіңізді арттырыңыз
Үйден шықпай - ақ 2 аптада белгіленген үлгідегі сертификат алыңыз
Курс авторлары
"Ustaz.pro" бас директоры
Рамиль Кабдуалиев
"Ustaz.pro" академиялық директоры
Әбілда Нұрзат
Физика пәнінің мұғалімі, педагогикалық ғылымдар магистрі
Жумадилов Ержан
Курс тренерлері
"Ustaz.pro" академиялық директоры
Әбілда Нұрзат
Физика пәнінің мұғалімі, "Астана-Кітап" ЖШС методисті
Зейнулла Бауыржан
Quantum Tech School методисті
Жұлдыз Саламатова
Физика пәнінің мұғалімі, педагогикалық ғылымдар магистрі
Жумадилов Ержан
USTAZ PRO тренер-оқытушысы
Алтын Аманова
Биология пәнінің мұғалімі, "Отпан" проектісінің ЖМБ мұғалімдерінің менторы
Айдын Ардақұлы
“Орта білім беру мұғалімдерінің біліктілігін кешенді арттыру: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мұғалімдердің кәсіби құзыреттерін дамыту”
Курстың бағдарламасы:
Курстың сипаттамасы:
Бұл 80 сағаттық курс мұғалімдердің педагогикалық құзыреттіліктері мен оқыту әдістемелерін жетілдіруге бағытталған. Курс оқыту философиясын, жасөспірімдер психологиясын, пәндер бойынша оқыту әдістерін, бағалауды, ата-аналармен өзара іс-қимылды және оқытудың заманауи тәсілдерін қамтиды. Тәжірибелік тапсырмалар мен нақты жағдайларды талдау алған білімді іс жүзінде қолдануға көмектеседі. Курс аясында сыни ойлау, саралау, оқушылардың мінез-құлқымен жұмыс істеу, сондай-ақ үй тапсырмаларының рөлін қайта қарастыруға ерекше назар аударылады. Курс практикалық тапсырмалары мен нақты жағдайларды талқылауды қамтитын модульдерден тұрады, бұл қатысушыларға алған білімдерін тәжірибеде қолдануға және өздерінің педагогикалық дағдыларын сенімді түрде арттыруға мүмкіндік береді.
1) Оқыту философиясы және негіздері
2)Жасөспірімдер психологиясы
3) Жасөспірімдерді ынталандыру
18) Физика пәні бойынша мектеп зертханасында PASCO құрылғыларымен жұмыс жасау
17) Оқытудағы саралап оқыту
16) Үй тапсырмасының рөлін қайта қарау
15) Мектептегі буллинг
14) Ата-анамен жұмыс
12) Оқушылардың қателерімен жұмыс
11) Оқудағы бағалау
10) Сабақ физиканы оқыту формасы ретінде: құрылымы, түрлері және талаптары
9) Мектеп тәжірибесінде физика сабағын оқытудың формалары туралы жалпы мәліметтер
8) Физиканы оқытудың әдістемелік техникасы
7) Физика сабақтарында оқушылардың білім, білік дағдыларын өз бетінше меңгеру әдістемесі
6) Физика сабағында мұғалімнің білім мен біліктерді беру және оқушылардың меңгеру әдістері
5) Физиканы оқытудағы оқыту әдістерінің классификациясы
4) Оқушылардың мінез-құлқын басқару
Курстың артықшылықтары
  • Курс бекітілген бағдарламалар тізіміне енгізілген.
    Оқу туралы мәліметтер «Ұстаз» платформасына жүктеледі.
  • Асинхронды оқыту:
    Ыңғайлы уақытта икемді оқыту!
  • Сертификаттау:
    Курс аяқталғаннан кейін ресми сертификат беріледі.
  • Дәлелді педагогика:
    Білім берудегі дәлелді әдістер мен стратегияларды зерттеу.
  • 4-Mat System:
    Материалды меңгеру терең түсінік пен практикалық дағдыларды қолдануға баса назар аудара отырып жүзеге асырылады.
Тариф
Стандартты тариф
26 000 ₸
  • ✓ Бейнесабақтар
  • ✓ Бекітілген үлгідегі сертификат
  • ✓ Жұмыс дәптерлері
Сатып алу
Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
Белгіленген мерзімде барлық тапсырмаларды орындаған соң оқу жоспарынан сәтсіз өтсеңіз, ақшаңызды қайтарамыз деп кепілдік береміз.
Бізбен бірге оқыту мен оқуға деген көзқарасыңызды өзгертіңіз!
© 2024 USTAZ PRO
Байланыс ақпараты
  • Астана, Рақымжан Қошқарбаев, 11/2,
  • Электрондық пошта: ustaz.social@gmail.com
Сұрақтар бар ма?
"Ustaz.pro" академиялық директоры
Әбілда Нұрзат
Химия пәнінің мұғалімі, қазіргі таңда Назарбаев университетінің “Білім саласындағы көшбасшылық” атты магистр дәрежесіне оқуда. Оқушы кезінде химиядан бірнеше облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегері. Мұғалім ретінде оқушылары республикалық пәндік, халықаралық Менделеев олимпиадаларының жүлдегерлері. Химия пәнін оқытуда 8 жылдық тәжірибесі бар. Соңғы екі жылда Алматы облысында және Жаңаөзен қаласында барлығы 60-қа жуық мектептің химия пәні мұғалімдерінің тәлімгері болып қызмет атқарып жатыр. 100 ден аса химия мұғалімдерін оқытып, біліктілігін арттырған. Курсты өткізу барысында жинақтаған тәжірибесі мен білімі арқылы сіздерге пайдалы ақпарат пен тәжірибе ұсынады

Физика пәнінің мұғалімі, "Астана-Кітап" ЖШС методисті
Зейнулла Бауыржан
Физика оқулықтарының авторы. Физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген, тереңдетілген оқыту және оқушыларды олимпиадаларға дайындаумен айналысқан.
2020 жылы Мәскеу физика-техникалық институтының (МФТИ) ұйымдастыруымен өткен «8–11 сынып оқушыларын физика пәні бойынша тереңдетіп оқыту және олимпиадалық даярлық» курсын (108 академиялық сағат) аяқтаған.
Қазіргі уақытта Edlight Academy мекемесінде олимпиадалық физикадан тренер болып қызмет атқарады.
USTAZ PRO бас директоры
Рамиль Кабдуалиев
Ағылшын тілі мұғалімі, Қазақстан-Американдық еркін университетінің магистрі. Әр жылдары мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру ұйымдарында қызмет еткен. Ағылшын тілін оқыту және әдістемесі, пәндердің жалпы әдістемесі бойынша 15-тен астам әртүрлі бағдарлама мен мектеп басшыларына арналған курстардың авторы.
Физика пәнінің мұғалімі, педагогикалық ғылымдар магистрі.
Жумадилов Ержан
Үздік педагог 2017 және Қазақстан мұғалімі 2020 байқауларының жеңімпазы. Физикадан мұғалімдердің Халықаралық Жәутіков олимпиадасының абсолют жеңімпазы. Мектеп оқушыларына арналған "ШЫҢ" кітап оқулығының, ЖОО студенттеріне арналған "Methods of Mathematical Physics" және "Electrodynamics" оқулықтарының, сондай-ақ "Physical Properties of Water and Ice Modifications" монографиясының авторы. Физика пәнін оқытуда 9 жылдық тәжірибесі бар. Қазіргі таңда физика пәні мұғалімдерінің тәлімгері болып қызмет атқарып жатыр.Курсты өткізу барысында жинақтаған тәжірибесі мен білімі арқылы сіздерге пайдалы ақпарат пен тәжірибе ұсынады

Quantum Tech School методисті
Жұлдыз Саламатова
Назарбаев Университетінде көптілді білім беру (Master in Multilingual Education) саласы бойынша магистр дәрежесін алған. Барселонада орналасқан Europass academy-де Social and emotional learning бойынша білімін жетілдірген.
Биология пәнінің мұғалімі, "Отпан" проектісінің ЖМБ мұғалімдерінің менторы
Айдын Ардақұлы
Шымкент Білім-Инновация лицей түлегі. Оқушылар арасындағы облыстық және республикалық биология пән олимпиадаларында бірнеше рет жеңімпаз болдым.
Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетте педагогикалық биологияны оқыдым. Назарбаев университетінде “Білім саласындағы лидерлік” магистрімін. 10 жылдан астам әртүрлі қалаларда Білім-Инновация лицейлерінде биология пәнін оқыттым. Бұл уақыт ішінде көптеген оқушыларым облыстық және республикалық биология пән олимпиадаларында жеңімпаз атанды. 4 жылдан астам Түркістан және Маңғыстау облыстарында биология мұғалімдеріне менторлық қолдау көрсету жобаларында координатор және ментор болып қызмет еттім.
USTAZ PRO тренер-оқытушысы
Алтын Аманова
Семей педагогикалық институтынын «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 20 жылдан астам тәжірибесі бар педагог-зерттеуші. «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырған Республикалық ашық бейнесабақтар байқауының жеңімпазы.