«Қазақcтан тарихы және дүниежүзі тарихы пәндері педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»
Курстың бағдарламасы:
Курстың сипаттамасы: Қазақстан және дүниежүзі тарихы пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өзара байланысты екі бөлімнен тұрады және педагогтің тарихи ойлауын, пәндік тереңдігін әрі әдістемелік саналығын дамытуға бағытталған. Курстың бірінші бөлімі Орта ғасырлар дәуірінен Жаңа заманға дейінгі негізгі тарихи үдерістерді ұғынуға, Қазақстан мен Орталық Азияның әлем тарихындағы рөліне басымдық бере отырып қарастыруға бағытталған. Бұл бөлім аясында мұғалімдер тарихи ойлауды қалыптастыру, ортағасырлық әлем және Моңғол империясы, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы, Қазақстан тарихындағы әскери және геосаяси сын-қатерлер, XVIII ғасырдағы халықаралық қатынастар, сондай-ақ Еуропа мен әлемдегі Жаңа заман кезеңінің жаһандық өзгерістері сияқты тақырыптармен жұмыс істейді. Себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға, тарихи дереккөздермен жұмыс істеуге және аймақтық пен әлемдік тарихты салыстырмалы түрде талдауға ерекше назар аударылады.
Курстың екінші бөлімі халықаралық зерттеулер (PISA) логикасына сәйкес оқушылардың функционалдық және оқырмандық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Педагогтер тарихи мәтіндерді, карталарды, визуалды дереккөздерді және статистикалық деректерді талдау әдістерін меңгереді, интерпретациялау, дәлелдеу және сыни ойлауды дамытатын оқу тапсырмаларын жобалауды үйренеді. Курс тарих сабақтарын өткенді саналы түрде талдау және оның қазіргі заманмен байланысын түсіндіру кеңістігі ретінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді, тарихи білімді әлеуметтік үдерістерді түсінудің және негізделген қорытындылар жасаудың тиімді құралына айналдырады.
1) Тарихи ойлауға кіріспе және Орта ғасырлар дәуірі
2) Ортағасырлық әлем және Орталық Азияның рөлі
3) Моңғол империясы және оның тарихи мұрасы
5) Қазақстан тарихындағы әскери және геосаяси сын-қатерлер
4) Қазақ мемлекетінің қалыптасуы
8) Жаңа замандағы Еуропа мен әлем: реформалар мен революциялар
7) Орта ғасырдан Жаңа заманға өту
6) XVIII ғасырдағы Қазақстанның халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны
11) PISA-ға ұқсас оқу тапсырмаларын құрастыру
10) Оқырмандық сауаттылықты қалыптастырудың негізі ретінде оқу тапсырмалары
9) Функционалдық сауаттылықтың жүйелік құрамдас бөлігі ретінде оқырмандық сауаттылық
Курстың артықшылықтары
Асинхронды оқыту:
Ыңғайлы уақытта икемді оқыту!
Сертификаттау:
“Қазақcтан тарихы және дүниежүзі тарихы пәндері педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту” 80 ак. сағ. көлеміндегі курсты аяқтағаны туралы сертификат
Дәлелді педагогика:
Білім берудегі дәлелді әдістер мен стратегияларды зерттеу.
Бағдарлама бекітілген:
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен (№175/95) 80 академиялық сағат көлемінде бекітілген.
✓ “Қазақcтан тарихы және дүниежүзі тарихы пәндері педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту” 80 ак. сағ.көлеміндегі бекітілген үлгідегі сертификат
✓ «Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасына» оқу нәтижелерін енгізу
15.000 тг
26.000 тг
Стандартты тариф
Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
Жауап: Бейнекурстар - бейнелер түрінде берілген білім беру материалдары. Сіз платформада бейнесабақтарды өтіп, біліміңіз бен білігіңізді арттыра аласыз. Бейнесабақта дәрістер, презентациялар мен практикалық сабақтар болуы мүмкін.
Жауап: Бейнекурсқа тіркелу үшін платформада өзіңізді қызықтырған курсты таңдаңыз. Тіркеліп, төлем жасап, сабақтарды бастай аласыз.
Жауап: Иә, бейнекурстардың артықшылықтарының бірі - оқу кестесін өзіңізге ыңғайлап, кез келген уақытта өте аласыз.
Жауап: Бейнекурстың ұзақтығы тақырыпқа және қиындық деңгейіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір курстар шағын және бірнеше сағатқа созылса, енді бірі ауқымына байланысты ұзақ уақыт алуы (бірнеше апта немесе айға созылуы) мүмкін. Курстың ұзақтығы әр курстың сипаттамасында көрсетілген.
Жауап: иә, USTAZ PRO ACADEMY ұсынатын барлық курс Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен келісілген және аккредиттеуге жарамды. Бейнекурстарды Министрліктің талаптарына сәйкес сертификаттау және біліктілікті арттыру үшін өтуге болады.
Жауап: Курсты өткеніңіз туралы сертификат алу үшін барлық сабақты сәтті аяқтап, курстың барлық талабын орындауыңыз қажет. Курсты аяқтаған соң сіз өзіңіз тіркелген оқу платформа арқылы сертификатты жүктеп ала аласыз.
Жауап: Егер сізде бейнекурсқа кіру немесе оны көру бойынша техникалық мәселелер туындаса, платформаның қолдау қызметіне хабарласыңыз. Олар сізге техникалық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бізбен бірге оқыту мен оқуға деген көзқарасыңызды өзгертіңіз!
Тарих пәні мұғалімі және тарих пәнінен ҰБТ эксперті қызметінде 5 жылдық тәжірибесі бар маман. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталған заманауи, авторлық әдістеме құрастырушы маман. Тарих пәнінен пәнаралық олимпиадалардың әділ-қазы алқасы.
USTAZ PRO бас директоры
Рамиль Кабдуалиев
Ағылшын тілі мұғалімі, Қазақстан-Американдық еркін университетінің магистрі. Әр жылдары мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру ұйымдарында қызмет еткен. Ағылшын тілін оқыту және әдістемесі, пәндердің жалпы әдістемесі бойынша 15-тен астам әртүрлі бағдарлама мен мектеп басшыларына арналған курстардың авторы.
USTAZ PRO академиялық директоры
Әбілда Нұрзат
Химия пәнінің мұғалімі, қазіргі таңда Назарбаев университетінің “Білім саласындағы көшбасшылық” атты магистр дәрежесіне оқуда. Оқушы кезінде химиядан бірнеше облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегері. Мұғалім ретінде оқушылары республикалық пәндік, халықаралық Менделеев олимпиадаларының жүлдегерлері. Химия пәнін оқытуда 8 жылдық тәжірибесі бар. Соңғы екі жылда Алматы облысында және Жаңаөзен қаласында барлығы 60-қа жуық мектептің химия пәні мұғалімдерінің тәлімгері болып қызмет атқарып жатыр. 100 ден аса химия мұғалімдерін оқытып, біліктілігін арттырған. Курсты өткізу барысында жинақтаған тәжірибесі мен білімі арқылы сіздерге пайдалы ақпарат пен тәжірибе ұсынады.