Біздің курсты өтіп,
2 апта ішінде
біліктілігіңізді арттырыңыз
Үйден шықпай - ақ 2 аптада белгіленген үлгідегі сертификат алыңыз
Курс авторлары
USTAZ KIDS бас директоры
Алмагүл Матан
USTAZ KIDS академиялық директоры
Фариза Кузенбаева
USTAZ KIDS методист-тренері
Гулимжан Мырзабекова
USTAZ KIDS методист-тренері
Гүлнұр Дайрабаева
Курс тренері
USTAZ KIDS академиялық директоры
Фариза Кузенбаева
«Mектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде инновациялық жобалар мен әдіс-тәсілдер» курсы
Курстың бағдарламасы:
Курстың сипаттамасы:
«Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде инновациялық жобалар мен әдіс-тәсілдер» атты 80 сағаттық курс – заманауи педагогке қажет кәсіби құзыреттілікті дамытуға бағытталған. Бағдарлама мектепке дейінгі ұйым басшылары мен педагогтерін балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысын ойын арқылы түрлендіруге, STEAM жобаларын ұйымдастыруға, дамытушы орта құруға және ата-анамен сапалы серіктестік орнатуға үйретеді.
Курс мазмұны 4 негізгі модульден тұрады:
ойын арқылы білім сапасын арттыру,
дамытушы кеңістік ұйымдастыру,
мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған STEAM жобалары,
педагог пен ата-ана арасындағы тиімді байланыс.
Оқыту барысында тренинг, тәжірибелік тапсырмалар, жобалау, кейс талдау, рөлдік ойындар және өздік жұмыстар қарастырылған. Курс соңында қатысушылар ұйымдастырылған іс-әрекет циклограммасын, STEAM жобасын және ата-анамен жұмыстың үлгісін әзірлейді.
Бағдарлама – педагогтің тәжірибесіне жаңа серпін беретін, баламен, ата-анамен және ұжыммен жұмыста шығармашылық пен жаңашылдықты үйлестіретін кәсіби орта.
1)Тәрбие мен білім берудің сапасы мен мазмұнын ойын арқылы дамыту
2) Мектепке дейінгі балаларға арналған заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны пайдалану
3) Мектеп жасына дейінгі балаларға STEAM жобалар
4) Педагогтің ата-анамен қарым-қатынасы
Курстың артықшылықтары
  • Асинхронды оқыту:
    Ыңғайлы уақытта икемді оқыту!
  • Сертификаттау:
    Курс аяқталғаннан кейін ресми сертификат беріледі.
  • Жұмыс дәптері:
    Курстың әр сабағы бойынша стратегиялар мен пайдалы ақпарат жазылған жұмыс дәптерлері.
  • Дәлелді педагогика:
    Білім берудегі дәлелді әдістер мен стратегияларды зерттеу.
Тариф
Стандартты тариф
26 000 ₸
  • ✓ Бейнесабақтар
  • ✓ Бекітілген үлгідегі сертификат
  • ✓ Жұмыс дәптерлері
Сатып алу
Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
Белгіленген мерзімде барлық тапсырмаларды орындаған соң оқу жоспарынан сәтсіз өтсеңіз, ақшаңызды қайтарамыз деп кепілдік береміз.
Бізбен бірге оқыту мен оқуға деген көзқарасыңызды өзгертіңіз!
© 2025 USTAZ PRO
Байланыс ақпараты
  • Астана, Рақымжан Қошқарбаев, 11/2,
  • Электрондық пошта: info@ustaz.pro
Сұрақтар бар ма?
USTAZ KIDS бас директоры
Алмагүл Матан
Педагогика ғылымдарының магистрі -орта білім беру ұйымдарында 8 жылдан астам еңбек еткен .
2013 -2020 жылдары аралығында балабақша меңгерушісі қызметін атқарып , 2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін Тәрбие Тірегі оқу әдістемелік орталығында басшылық қызметін атқаруда ,сонымен қатар USTAZ.Kids мектепке дейінгі ұйымдар департаментінің тренері қызметін атқарып келеді.
USTAZ KIDS академиялық директоры
Фариза Кузенбаева
Педагогика ғылымдарының магистрі, 2010-2012 жылдары «Балбөбек» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс істеген. 2013 -2014 жылы Алматы қаласындағы «Үкілі Үміт» балабақшасында тәрбиеші 2014 жылдан 2021 жылға дейін әдіскер қызметін атқарған. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Тәрбие Тірегі» оқу-әдістемелік орталығының әдіскері болып қызмет етеді. Сонымен қатар, Фариза Күзенбаева USTAZ.Kids мектепке дейінгі ұйымдар департаментінің тренері , KIDSTEAM.KZ платформасының әдіскері және «Балабақша Guide» кітабының авторы болып табылады.
USTAZ KIDS методист-тренері
Гүлнұр Дайрабаева
2011-2013 жылдары «Думан» балабақшасында тәрбиеші, 2013-2021 жылдары халықаралық “Spectrum” балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс істеген. Сонымен қатар, 2021-2023 жылдар аралығында балабақшада әдіскер қызметін атқарған. 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Тәрбие Тірегі» оқу-әдістемелік орталығында және KIDSTEAM.KZ платформасында әдіскер болып қызмет етіп келеді, сондай-ақ USTAZ.Kids мектепке дейінгі ұйымдар департаментінің тренері қызметін атқаруда.
USTAZ KIDS методист-тренері
Гулимжан Мырзабекова
Педагогика ғылымының магистрі, білім беруде 20 жылдық тәжірибесі бар. Оның басым бөлігі меткепке ұйымдар саласында, нақты айтқанда 2024-2021 жылдар арасында балабақша меңгерушісі, 2021 жылдан бері қазіргі кезде “Тәрбие тірегі” орталығының әдіскері, USTAZ.kids мектепке дейінгі ұйымдар департаментінің тренері қызметін атқаруда.