«Математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктері мен оқыту әдістемесін функционалдық сауаттылық тұрғысынан дамыту және жетілдіру»
Курстың бағдарламасы:
Курстың сипаттамасы: 5–9 сыныптарға арналған математика пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы педагогтің кәсіби қызметінде әрқайсысы жеке, бірақ стратегиялық тұрғыдан маңызды міндеттерді шешуге бағытталған өзара байланысты екі бөлімнен тұрады. Курстың бірінші бөлімі математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамытуға және мектеп бағдарламасындағы күрделі тақырыптарды тереңдетіп меңгеруге бағытталған. Бұл бөлім аясында қатысушылар мәтінді есептермен, сандар теориясымен, планиметриямен, квадрат теңдеулер мен теңсіздіктермен, тригонометрия элементтерімен жүйелі түрде жұмыс істейді, сондай-ақ есептерді шешудің практикалық-бағдарланған тәсілдерін меңгереді. Оқушылардың мотивациясын арттыру және пәнге қызығушылығын күшейту құралы ретінде АКТ қолдануға, микрооқытуға және сыныптан тыс жұмыс түрлерін — математикалық апталықтар мен регаталарды — ұйымдастыруға ерекше назар аударылады.
Курстың екінші бөлімі оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға, әсіресе оқырмандық және математикалық сауаттылықты дамытуға бағытталған. Педагогтер PISA тұрғысынан математикалық тапсырмаларды талдауды, мәтіндермен, кестелермен, графиктермен және өмірлік жағдаяттармен жұмыс істеуді, күрделілік деңгейі әртүрлі тапсырмаларды құрастыруды және олардың сапасын бағалауды үйренеді. Курс мұғалімге математикалық мазмұнды нақты өмірлік жағдайлармен саналы түрде байланыстыруға, оқушылардың талдау, деректерді интерпретациялау және математикалық білімді практикада қолдану дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, осылайша математика сабағын ойлауды және функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді құралына айналдырады.
12) Оқырмандық сауаттылықты қалыптастырудың негізі ретінде оқу тапсырмалары
11) Функционалдық сауаттылықтың жүйелік құрамдас бөлігі ретінде оқырмандық сауаттылық
Курстың артықшылықтары
Асинхронды оқыту:
Ыңғайлы уақытта икемді оқыту!
Сертификаттау:
“Математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктері мен оқыту әдістемесін функционалдық сауаттылық тұрғысынан дамыту және жетілдіру” 80 ак. сағ. көлеміндегі курсты аяқтағаны туралы сертификат
Дәлелді педагогика:
Білім берудегі дәлелді әдістер мен стратегияларды зерттеу.
Бағдарлама бекітілген:
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен (№175/95) 80 академиялық сағат көлемінде бекітілген.
✓ “Математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктері мен оқыту әдістемесін функционалдық сауаттылық тұрғысынан дамыту және жетілдіру” 80 ак. сағ.көлеміндегі бекітілген үлгідегі сертификат
✓ «Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасына» оқу нәтижелерін енгізу
15.000 тг
26.000 тг
Стандартты тариф
Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
Жауап: Бейнекурстар - бейнелер түрінде берілген білім беру материалдары. Сіз платформада бейнесабақтарды өтіп, біліміңіз бен білігіңізді арттыра аласыз. Бейнесабақта дәрістер, презентациялар мен практикалық сабақтар болуы мүмкін.
Жауап: Бейнекурсқа тіркелу үшін платформада өзіңізді қызықтырған курсты таңдаңыз. Тіркеліп, төлем жасап, сабақтарды бастай аласыз.
Жауап: Иә, бейнекурстардың артықшылықтарының бірі - оқу кестесін өзіңізге ыңғайлап, кез келген уақытта өте аласыз.
Жауап: Бейнекурстың ұзақтығы тақырыпқа және қиындық деңгейіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір курстар шағын және бірнеше сағатқа созылса, енді бірі ауқымына байланысты ұзақ уақыт алуы (бірнеше апта немесе айға созылуы) мүмкін. Курстың ұзақтығы әр курстың сипаттамасында көрсетілген.
Жауап: иә, USTAZ PRO ACADEMY ұсынатын барлық курс Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен келісілген және аккредиттеуге жарамды. Бейнекурстарды Министрліктің талаптарына сәйкес сертификаттау және біліктілікті арттыру үшін өтуге болады.
Жауап: Курсты өткеніңіз туралы сертификат алу үшін барлық сабақты сәтті аяқтап, курстың барлық талабын орындауыңыз қажет. Курсты аяқтаған соң сіз өзіңіз тіркелген оқу платформа арқылы сертификатты жүктеп ала аласыз.
Жауап: Егер сізде бейнекурсқа кіру немесе оны көру бойынша техникалық мәселелер туындаса, платформаның қолдау қызметіне хабарласыңыз. Олар сізге техникалық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бізбен бірге оқыту мен оқуға деген көзқарасыңызды өзгертіңіз!
Шымкент Білім-Инновация лицей түлегі. Оқушылар арасындағы облыстық және республикалық биология пән олимпиадаларында бірнеше рет жеңімпаз болдым. Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетте педагогикалық биологияны оқыдым. Назарбаев университетінде “Білім саласындағы лидерлік” магистрімін. 10 жылдан астам әртүрлі қалаларда Білім-Инновация лицейлерінде биология пәнін оқыттым. Бұл уақыт ішінде көптеген оқушыларым облыстық және республикалық биология пән олимпиадаларында жеңімпаз атанды. 4 жылдан астам Түркістан және Маңғыстау облыстарында биология мұғалімдеріне менторлық қолдау көрсету жобаларында координатор және ментор болып қызмет еттім.
USTAZ PRO бас директоры
Рамиль Кабдуалиев
Ағылшын тілі мұғалімі, Қазақстан-Американдық еркін университетінің магистрі. Әр жылдары мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру ұйымдарында қызмет еткен. Ағылшын тілін оқыту және әдістемесі, пәндердің жалпы әдістемесі бойынша 15-тен астам әртүрлі бағдарлама мен мектеп басшыларына арналған курстардың авторы.
USTAZ PRO академиялық директоры
Әбілда Нұрзат
Химия пәнінің мұғалімі, қазіргі таңда Назарбаев университетінің “Білім саласындағы көшбасшылық” атты магистр дәрежесіне оқуда. Оқушы кезінде химиядан бірнеше облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегері. Мұғалім ретінде оқушылары республикалық пәндік, халықаралық Менделеев олимпиадаларының жүлдегерлері. Химия пәнін оқытуда 8 жылдық тәжірибесі бар. Соңғы екі жылда Алматы облысында және Жаңаөзен қаласында барлығы 60-қа жуық мектептің химия пәні мұғалімдерінің тәлімгері болып қызмет атқарып жатыр. 100 ден аса химия мұғалімдерін оқытып, біліктілігін арттырған. Курсты өткізу барысында жинақтаған тәжірибесі мен білімі арқылы сіздерге пайдалы ақпарат пен тәжірибе ұсынады