«Педагогтің ұйымдастырушылық жүктемесін азайту үшін нейрожелілерді пайдалану»
Курстың бағдарламасы:
Курстың сипаттамасы: Бұл практикалық курс күнделікті әкімшілік жұмыстан босап, назарын тірі оқыту процесіне аударғысы келетін заманауи педагогтер үшін арнайы әзірленген. Бағдарламаның негізінде NotebookLM құралын, Google Workspace, ChatGPT, Gemini және Apps Script интеграцияларын терең меңгеру арқылы негізгі жұмыс процестерін автоматтандыру жатыр.
Курс мектептегі химия мұғалімінің ұйымдастырушылық жүктемесін азайту мысалы негізінде жасалған.
Сіз бірнеше минут ішінде КТЖ негізінде сабақ жоспарлауды, БЖБ/ТЖБ нәтижелерін лезде талдауды, сараланған тапсырмалар құрастыруды, әкімшілікке арналған есептілікті қалыптастыруды және ата-аналармен жекелендірілген коммуникация орнатуды үйренесіз. Курс бағдарламалау дағдыларын талап етпейді және күнделікті тәжірибеге бірден енгізуге бағытталған.
Жауап: Бейнекурстар - бейнелер түрінде берілген білім беру материалдары. Сіз платформада бейнесабақтарды өтіп, біліміңіз бен білігіңізді арттыра аласыз. Бейнесабақта дәрістер, презентациялар мен практикалық сабақтар болуы мүмкін.
Жауап: Бейнекурсқа тіркелу үшін платформада өзіңізді қызықтырған курсты таңдаңыз. Тіркеліп, төлем жасап, сабақтарды бастай аласыз.
Жауап: Иә, бейнекурстардың артықшылықтарының бірі - оқу кестесін өзіңізге ыңғайлап, кез келген уақытта өте аласыз.
Жауап: Бейнекурстың ұзақтығы тақырыпқа және қиындық деңгейіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір курстар шағын және бірнеше сағатқа созылса, енді бірі ауқымына байланысты ұзақ уақыт алуы (бірнеше апта немесе айға созылуы) мүмкін. Курстың ұзақтығы әр курстың сипаттамасында көрсетілген.
Жауап: иә, USTAZ PRO ACADEMY ұсынатын барлық курс Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен келісілген және аккредиттеуге жарамды. Бейнекурстарды Министрліктің талаптарына сәйкес сертификаттау және біліктілікті арттыру үшін өтуге болады.
Жауап: Егер сізде бейнекурсқа кіру немесе оны көру бойынша техникалық мәселелер туындаса, платформаның қолдау қызметіне хабарласыңыз. Олар сізге техникалық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бізбен бірге оқыту мен оқуға деген көзқарасыңызды өзгертіңіз!
USTAZ PRO компаниясының бас директоры, педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан-Америка еркін университетінің оқытушысы және сертификатталған халықаралық тренер (NILE, Ұлыбритания). Ол өзінің кәсіби қызметін әлемдегі үздік білім беру әдістемелері мен тәлімгерлік тәжірибелерін енгізу және ауқымын кеңейту арқылы жаңа буын мұғалімдерін дамытуға арнайды. Ustaz Pro Academy цифрлық платформасын басқарады әрі мұғалімдер мен мектеп басшыларына арналған 19-дан астам аккредиттелген біліктілікті арттыру бағдарламасының авторы болып табылады. Халықаралық деңгейде жақын шетел елдерінің, Үндістан, Танзания және Малави педагогтарына арналған курстар мен семинарлар өткізеді. Сонымен қатар көшбасшылық, тәлімгерлік және педагогтардың кәсіби дамуы саласындағы бағдарламаларды жүзеге асырады. 2015–2020 жылдары АҚШ-та (Co-Serve International) көшбасшылық пен тәлімгерлік бойынша халықаралық дайындықтан өтті. 2023 жылы Europass Teacher Academy-де (Барселона, Испания) әлеуметтік-эмоционалдық оқыту бағыты бойынша, ал 2024 жылы педагогикалық тәлімгерлік бағыты бойынша білім алды.
USTAZ PRO академиялық директоры
Әбілда Нұрзат
Химия пәнінің мұғалімі, қазіргі таңда Назарбаев университетінің “Білім саласындағы көшбасшылық” атты магистр дәрежесіне оқуда. Оқушы кезінде химиядан бірнеше облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегері. Мұғалім ретінде оқушылары республикалық пәндік, халықаралық Менделеев олимпиадаларының жүлдегерлері. Химия пәнін оқытуда 8 жылдық тәжірибесі бар. Соңғы екі жылда Алматы облысында және Жаңаөзен қаласында барлығы 60-қа жуық мектептің химия пәні мұғалімдерінің тәлімгері болып қызмет атқарып жатыр. 100 ден аса химия мұғалімдерін оқытып, біліктілігін арттырған. Курсты өткізу барысында жинақтаған тәжірибесі мен білімі арқылы сіздерге пайдалы ақпарат пен тәжірибе ұсынады