Курс авторлары
Химия пәнінің мұғалімі, «Астана-Кітап» ЖШС-нің методисті
Жұмағұлов Нұрболат
Физика пәнінің мұғалімі, "Астана-Кітап" ЖШС методисті
Зейнулла Бауыржан
Биология пәнінің мұғалімі, "Отпан" проектісінің ЖМБ мұғалімдерінің менторы
Айдын Ардақұлы
Физика пәнінің мұғалімі, педагогикалық ғылымдар магистрі
Жумадилов Ержан
Курс тренерлері
Химия пәнінің мұғалімі, «Астана-Кітап» ЖШС-нің методисті
Жұмағұлов Нұрболат
Физика пәнінің мұғалімі, "Астана-Кітап" ЖШС методисті
Зейнулла Бауыржан
Биология пәнінің мұғалімі, "Отпан" проектісінің ЖМБ мұғалімдерінің менторы
Айдын Ардақұлы
Физика пәнінің мұғалімі, педагогикалық ғылымдар магистрі
Жумадилов Ержан
PASCO датчиктері: кіріспе
Курстың тыңдаушылары нені үйренеді:
Курстың сипаттамасы:
Қазіргі білім беру тек теорияны ғана емес, сонымен бірге цифрлық құралдармен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларды да талап етеді. Бұл курста биология, химия және физика пәндерінің мұғалімдері PASCO датчиктерінің мүмкіндіктерімен танысып, мектеп жағдайында көрнекі, дәл және қызықты тәжірибелер жүргізуді үйренеді.

Курс әрбір педагогқа қадам-қадаммен жабдықтың негізгі функцияларын меңгеруге, датчиктерді қосу мен калибрлеуді үйренуге, деректерді нақты уақыт режимінде жинауға және оларды сабақ барысында талдау мен талқылауда қолдануға мүмкіндік беретіндей етіп құрылған.
Биология және Химия
1) Оттегі (O₂) мен көмірқышқыл газы (CO₂) датчиктері – тыныс алу, фотосинтез және жану үдерістерін өлшеу
2) pH-метр мен колориметр – ерітінділердің қышқылдығын анықтау және талдау
5) Магнит өрісі датчигі – магнит өрістерін және олардың өзара әрекеттесуін зерттеу
4) Қозғалыс датчигі – денелер динамикасы, механика және кинематика
3) Қысым датчигі – газдар мен сұйықтықтармен тәжірибелер
2) Smart Gate (Смарт-қақпа) – нысандардың жылдамдығы мен үдеуін өлшеу
1) Вольтметр – электр тізбектерін және Ом заңдарын зерттеу
Физика
5) SPARKvue бағдарламасымен жұмыс – деректерді жинау және өңдеу
4) Түс пен жарық датчигі – спектрлер бойынша тәжірибелер және сапалық талдау
3) Топырақ ылғалдылығының датчигі – экология мен агробиология саласындағы зерттеулер
Курстың артықшылықтары
  • Тегін қолжетімділік:
    Әрбір химия, физика және биология пәнінің мұғалімі қаржылық шығынсыз оқудан өте алады.
  • Онлайн-формат:
    Мұғалімдерге сабақтан қол үзбей, өзіне ыңғайлы уақытта білім алуға мүмкіндік береді.
  • Ел бойынша қолжетімділік:
    Аймаққа қарамастан, педагогтер заманауи цифрлық зертханаларды меңгеруде тең мүмкіндікке ие болады.
  • Практикалық бағыттылық:
    Курстан кейін бірден PASCO датчиктерін өз сабақтарында қолдануға болады.

Тариф

Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
Бұл курс — PASCO датчиктерін меңгеруге жасалған алғашқы қадамыңыз. Ол Қазақстандағы мұғалімдерді қолдау мақсатында әлеуметтік-білім беру бастамасы ретінде тегін әзірленді. Біз сертификат ұсынбаймыз, себебі PASCO датчиктерін үйрену — бұл оқу үдерісіне арналған құралдармен тәжірибелік танысу, ал ресми есептілікке жататын пән емес. Сертификат аттестацияда есепке алынбайды.
Өту шарттары
© 2024 USTAZ PRO
Байланыс ақпараты
  • Астана, Рақымжан Қошқарбаев, 11/2,
  • Электрондық пошта: info@ustaz.pro
Сұрақтар бар ма?
Биология пәнінің мұғалімі, "Отпан" проектісінің ЖМБ мұғалімдерінің менторы
Айдын Ардақұлы
Шымкент Білім-Инновация лицей түлегі. Оқушылар арасындағы облыстық және республикалық биология пән олимпиадаларында бірнеше рет жеңімпаз болдым.
Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетте педагогикалық биологияны оқыдым. Назарбаев университетінде “Білім саласындағы лидерлік” магистрімін. 10 жылдан астам әртүрлі қалаларда Білім-Инновация лицейлерінде биология пәнін оқыттым. Бұл уақыт ішінде көптеген оқушыларым облыстық және республикалық биология пән олимпиадаларында жеңімпаз атанды. 4 жылдан астам Түркістан және Маңғыстау облыстарында биология мұғалімдеріне менторлық қолдау көрсету жобаларында координатор және ментор болып қызмет еттім.
Физика пәнінің мұғалімі, педагогикалық ғылымдар магистрі.
Жумадилов Ержан
Үздік педагог 2017 және Қазақстан мұғалімі 2020 байқауларының жеңімпазы. Физикадан мұғалімдердің Халықаралық Жәутіков олимпиадасының абсолют жеңімпазы. Мектеп оқушыларына арналған "ШЫҢ" кітап оқулығының, ЖОО студенттеріне арналған "Methods of Mathematical Physics" және "Electrodynamics" оқулықтарының, сондай-ақ "Physical Properties of Water and Ice Modifications" монографиясының авторы. Физика пәнін оқытуда 9 жылдық тәжірибесі бар. Қазіргі таңда физика пәні мұғалімдерінің тәлімгері болып қызмет атқарып жатыр.Курсты өткізу барысында жинақтаған тәжірибесі мен білімі арқылы сіздерге пайдалы ақпарат пен тәжірибе ұсынады

Физика пәнінің мұғалімі, "Астана-Кітап" ЖШС методисті
Зейнулла Бауыржан
Физика оқулықтарының авторы. Физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген, тереңдетілген оқыту және оқушыларды олимпиадаларға дайындаумен айналысқан.
2020 жылы Мәскеу физика-техникалық институтының (МФТИ) ұйымдастыруымен өткен «8–11 сынып оқушыларын физика пәні бойынша тереңдетіп оқыту және олимпиадалық даярлық» курсын (108 академиялық сағат) аяқтаған.
Қазіргі уақытта Edlight Academy мекемесінде олимпиадалық физикадан тренер болып қызмет атқарады.
Химия пәнінің мұғалімі, «Астана-Кітап» ЖШС-нің методисті, кітап авторы
Жұмағұлов Нұрболат
Химия пәнінің мұғалімі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бакалавры, Астана халықаралық университетінің магистранты. Білім беру саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар. Мектептерде, авторлық жобаларда және оқу-әдістемелік орталықтарда қызмет еткен. 7–11 сыныптарға арналған 10-нан астам химия оқулықтарының авторы. Аталған оқулықтар қазақ, орыс және екітілді форматта «Астана-кітап» баспасында жарық көрген.
Ол оқу ресурстарын әзірлеуге, химия пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинарлар мен оқыту курстарын өткізуге белсенді қатысады.
USTAZ Professional Learning Centre аясында мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетіп, үштілді білім беру бағдарламаларын әзірлеп, енгізді. Сондай-ақ оқушыларды олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындауға қатысқан.