«Физика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктері мен оқыту әдістемесін функционалдық сауаттылық тұрғысынан дамыту және жетілдіру»
Курстың бағдарламасы:
Курстың сипаттамасы: Физика пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы педагогтің пәндік және әдістемелік құзыреттілігін нығайтуға бағытталған өзара толықтыратын екі бөлімнен тұрады. Курстың бірінші бөлімі «Механика» бөлімін тереңдетіп оқытуға және оны оқытудың заманауи тәсілдеріне бағытталған. Бұл бөлім аясында мұғалімдер механиканың негізгі ұғымдары мен заңдарын — жол және орын ауыстыру, жылдамдық пен үдеу, еркін түсу үдеуі, бүкіләлемдік тартылыс заңын — жүйелі түрде талдайды, сондай-ақ есептер шығаруды, тәжірибелер жүргізуді және физикалық үдерістерді модельдеуді меңгереді. Заманауи физика сабағының құрылымына, STEM-сабақтарды жобалауға, сондай-ақ оқушылардың қызығушылығы мен көрнекілігін арттыру мақсатында АКТ құралдары мен цифрлық симуляцияларды қолдануға ерекше назар аударылады.
Курстың екінші бөлімі оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға, әсіресе оқырмандық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытуға бағытталған. Педагогтер мәтіндермен, графиктермен, кестелермен және эксперименттік деректермен жұмыс істеуді, нақты өмірлік жағдайларды физика тұрғысынан талдауды және PISA логикасындағы тапсырмаларды құрастыруды үйренеді. Курс механика мазмұнын практикалық контексттермен байланыстыруға, оқушылардың ақпаратты интерпретациялау, физикалық құбылыстарды түсіндіру және негізделген шешімдер қабылдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, осылайша физика сабағын ойлауды және функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді құралына айналдырады.
8) Оқырмандық сауаттылықты қалыптастырудың негізі ретінде оқу тапсырмалары
7) Функционалдық сауаттылықтың жүйелік құрамдас бөлігі ретінде оқырмандық сауаттылық
Курстың артықшылықтары
Асинхронды оқыту:
Ыңғайлы уақытта икемді оқыту!
Сертификаттау:
“Орта білім беру мұғалімдерінің біліктілігін кешенді арттыру: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мұғалімдердің кәсіби құзыреттерін дамыту” 80 ак. сағ. көлеміндегі курсты аяқтағаны туралы сертификат
Дәлелді педагогика:
Білім берудегі дәлелді әдістер мен стратегияларды зерттеу.
Бағдарлама бекітілген:
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен (№175/95) 80 академиялық сағат көлемінде бекітілген.
✓ “Физика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктері мен оқыту әдістемесін функционалдық сауаттылық тұрғысынан дамыту және жетілдіру” 80 ак. сағ.көлеміндегі бекітілген үлгідегі сертификат
✓ «Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасына» оқу нәтижелерін енгізу
15.000 тг
26.000 тг
Стандартты тариф
Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
Жауап: Бейнекурстар - бейнелер түрінде берілген білім беру материалдары. Сіз платформада бейнесабақтарды өтіп, біліміңіз бен білігіңізді арттыра аласыз. Бейнесабақта дәрістер, презентациялар мен практикалық сабақтар болуы мүмкін.
Жауап: Бейнекурсқа тіркелу үшін платформада өзіңізді қызықтырған курсты таңдаңыз. Тіркеліп, төлем жасап, сабақтарды бастай аласыз.
Жауап: Иә, бейнекурстардың артықшылықтарының бірі - оқу кестесін өзіңізге ыңғайлап, кез келген уақытта өте аласыз.
Жауап: Бейнекурстың ұзақтығы тақырыпқа және қиындық деңгейіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір курстар шағын және бірнеше сағатқа созылса, енді бірі ауқымына байланысты ұзақ уақыт алуы (бірнеше апта немесе айға созылуы) мүмкін. Курстың ұзақтығы әр курстың сипаттамасында көрсетілген.
Жауап: Курсты өткеніңіз туралы сертификат алу үшін барлық сабақты сәтті аяқтап, курстың барлық талабын орындауыңыз қажет. Курсты аяқтаған соң сіз өзіңіз тіркелген оқу платформа арқылы сертификатты жүктеп ала аласыз.
Жауап: Егер сізде бейнекурсқа кіру немесе оны көру бойынша техникалық мәселелер туындаса, платформаның қолдау қызметіне хабарласыңыз. Олар сізге техникалық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бізбен бірге оқыту мен оқуға деген көзқарасыңызды өзгертіңіз!
Физика пәнінің мұғалімі, педагогикалық ғылымдар магистрі.
Жумадилов Ержан
Үздік педагог 2017 және Қазақстан мұғалімі 2020 байқауларының жеңімпазы. Физикадан мұғалімдердің Халықаралық Жәутіков олимпиадасының абсолют жеңімпазы. Мектеп оқушыларына арналған "ШЫҢ" кітап оқулығының, ЖОО студенттеріне арналған "Methods of Mathematical Physics" және "Electrodynamics" оқулықтарының, сондай-ақ "Physical Properties of Water and Ice Modifications" монографиясының авторы. Физика пәнін оқытуда 9 жылдық тәжірибесі бар. Қазіргі таңда физика пәні мұғалімдерінің тәлімгері болып қызмет атқарып жатыр.Курсты өткізу барысында жинақтаған тәжірибесі мен білімі арқылы сіздерге пайдалы ақпарат пен тәжірибе ұсынады
"Білім-инновация" Халықаралық Қоғамдық Қорының оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы.
Дуйсеев Есбол Ермекұлы
1988 жылдың 29 сәуірінде Ақтөбе облысы, Исатай ауданы, Жарық ауылында дүниеге келген. Дуйсеев Есбол жоғары білімін Түркияның Анкара қаласындағы Орта Шығыс техникалық университетінде 2012 жылы тәмамдаған. Кейіннен, 2017 жылы Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. Оның жалпы жұмыс өтілі 13 жылды құрайды. . Есбол Дуйсеевтің еңбектері бірнеше рет марапатталған. 2017 жылы USTAZ PLC ұйымдастырған курста тыңдаушыларды үздік нәтижеге жеткізгені үшін алғыс хат алды. Сол жылы Астана қаласының Білім басқармасы өткізген «Үздік мұғалім - 2017» байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, 2017 жылы Білім және Ғылым министрлігінің республикалық байқауында «2017 жылдың үздік педагогі» төс белгісін иеленді. 2022 жылы Ұлттық тестілеу орталығы сапалы білім беруге қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады. 2023 жылғы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Алғыс хаты және Оқу-ағарту министрлігі "Ы. Алтынсарин" төсбелгісіне ие. Шығармашылық жұмыстары ретінде, Есбол Дуйсеев Астана-Кітап баспасы 7-11 сыныптарға арналған ағылшын және қостілді физика оқулықтарының авторы болып табылады. Сонымен қатар, 7-11 сыныптарға арналған «Физика» оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын жетілдіру тобында жұмыс істеді.
"Ustaz.pro" академиялық директоры
Әбілда Нұрзат
Химия пәнінің мұғалімі, қазіргі таңда Назарбаев университетінің “Білім саласындағы көшбасшылық” атты магистр дәрежесіне оқуда. Оқушы кезінде химиядан бірнеше облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегері. Мұғалім ретінде оқушылары республикалық пәндік, халықаралық Менделеев олимпиадаларының жүлдегерлері. Химия пәнін оқытуда 8 жылдық тәжірибесі бар. Соңғы екі жылда Алматы облысында және Жаңаөзен қаласында барлығы 60-қа жуық мектептің химия пәні мұғалімдерінің тәлімгері болып қызмет атқарып жатыр. 100 ден аса химия мұғалімдерін оқытып, біліктілігін арттырған. Курсты өткізу барысында жинақтаған тәжірибесі мен білімі арқылы сіздерге пайдалы ақпарат пен тәжірибе ұсынады
USTAZ PRO бас директоры
Рамиль Кабдуалиев
Ағылшын тілі мұғалімі, Қазақстан-Американдық еркін университетінің магистрі. Әр жылдары мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру ұйымдарында қызмет еткен. Ағылшын тілін оқыту және әдістемесі, пәндердің жалпы әдістемесі бойынша 15-тен астам әртүрлі бағдарлама мен мектеп басшыларына арналған курстардың авторы.