«Химия мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктері мен оқыту әдістемесін функционалдық сауаттылық тұрғысынан дамыту және жетілдіру»
Курстың бағдарламасы:
Курстың сипаттамасы: Химия пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өзара тығыз байланысты екі бөлімнен тұрады және педагогтің пәндік, әдістемелік әрі аналитикалық құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Курстың бірінші бөлімі «Бейорганикалық химия» бөлімін тереңдетіп меңгеруге және халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес оқыту тәжірибесін жетілдіруге бағытталады. Бұл бөлім аясында мұғалімдер бейорганикалық химияның негізгі тақырыптарын — бастапқы ұғымдардан бастап энтальпия мен химиялық реакция жылдамдығына байланысты күрделі үдерістерге дейін — жүйелі түрде қарастырады, зертханалық жұмыстарды жүргізу мен эксперименттік қызметті ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырады. Материалды түсіндіру мен меңгертудің тиімділігін арттыру мақсатында АКТ құралдары мен цифрлық сервистерді қолдануға, сондай-ақ Ганье оқыту теориясына негізделген сабақтарды жобалауға ерекше назар аударылады.
Курстың екінші бөлімі оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға, әсіресе оқырмандық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытуға бағытталған. Педагогтер мәтіндерде, кестелерде, графиктерде және эксперименттік деректерде ұсынылған химиялық ақпаратты талдауды, PISA логикасындағы тапсырмаларды құрастыруды және химиялық білімді нақты өмірлік жағдайлармен байланыстыруды үйренеді. Курс мұғалімге химия сабағын ойлауды дамыту, құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру және білімді қолдану кеңістігі ретінде саналы түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді, осылайша пәннің практикалық бағытын және оқушылар үшін маңыздылығын арттырады.
11) Оқырмандық сауаттылықты қалыптастырудың негізі ретінде оқу тапсырмалары
10) Функционалдық сауаттылықтың жүйелік құрамдас бөлігі ретінде оқырмандық сауаттылық
9) Интеллектуалды ойын
Курстың артықшылықтары
Асинхронды оқыту:
Ыңғайлы уақытта икемді оқыту!
Сертификаттау:
“Химия мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктері мен оқыту әдістемесін функционалдық сауаттылық тұрғысынан дамыту және жетілдіру”80 ак. сағ.көлеміндегі курсты аяқтағаны туралы сертификат
Дәлелді педагогика:
Білім берудегі дәлелді әдістер мен стратегияларды зерттеу.
Бағдарлама бекітілген:
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен (№175/95) 80 академиялық сағат көлемінде бекітілген.
✓ “Химия мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктері мен оқыту әдістемесін функционалдық сауаттылық тұрғысынан дамыту және жетілдіру” 80 ак. сағ.көлеміндегі бекітілген үлгідегі сертификат
✓ «Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасына» оқу нәтижелерін енгізу
15.000 тг
26.000 тг
Стандартты тариф
Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
Жауап: Бейнекурстар - бейнелер түрінде берілген білім беру материалдары. Сіз платформада бейнесабақтарды өтіп, біліміңіз бен білігіңізді арттыра аласыз. Бейнесабақта дәрістер, презентациялар мен практикалық сабақтар болуы мүмкін.
Жауап: Бейнекурсқа тіркелу үшін платформада өзіңізді қызықтырған курсты таңдаңыз. Тіркеліп, төлем жасап, сабақтарды бастай аласыз.
Жауап: Иә, бейнекурстардың артықшылықтарының бірі - оқу кестесін өзіңізге ыңғайлап, кез келген уақытта өте аласыз.
Жауап: Бейнекурстың ұзақтығы тақырыпқа және қиындық деңгейіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір курстар шағын және бірнеше сағатқа созылса, енді бірі ауқымына байланысты ұзақ уақыт алуы (бірнеше апта немесе айға созылуы) мүмкін. Курстың ұзақтығы әр курстың сипаттамасында көрсетілген.
Жауап: иә, USTAZ PRO ACADEMY ұсынатын барлық курс Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен келісілген және аккредиттеуге жарамды. Бейнекурстарды Министрліктің талаптарына сәйкес сертификаттау және біліктілікті арттыру үшін өтуге болады.
Жауап: Курсты өткеніңіз туралы сертификат алу үшін барлық сабақты сәтті аяқтап, курстың барлық талабын орындауыңыз қажет. Курсты аяқтаған соң сіз өзіңіз тіркелген оқу платформа арқылы сертификатты жүктеп ала аласыз.
Жауап: Егер сізде бейнекурсқа кіру немесе оны көру бойынша техникалық мәселелер туындаса, платформаның қолдау қызметіне хабарласыңыз. Олар сізге техникалық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бізбен бірге оқыту мен оқуға деген көзқарасыңызды өзгертіңіз!
Ағылшын тілі мұғалімі, Қазақстан-Американдық еркін университетінің магистрі. Әр жылдары мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру ұйымдарында қызмет еткен. Ағылшын тілін оқыту және әдістемесі, пәндердің жалпы әдістемесі бойынша 15-тен астам әртүрлі бағдарлама мен мектеп басшыларына арналған курстардың авторы.
USTAZ PRO академиялық директоры
Әбілда Нұрзат
Химия пәнінің мұғалімі, қазіргі таңда Назарбаев университетінің “Білім саласындағы көшбасшылық” атты магистр дәрежесіне оқуда. Оқушы кезінде химиядан бірнеше облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегері. Мұғалім ретінде оқушылары республикалық пәндік, халықаралық Менделеев олимпиадаларының жүлдегерлері. Химия пәнін оқытуда 8 жылдық тәжірибесі бар. Соңғы екі жылда Алматы облысында және Жаңаөзен қаласында барлығы 60-қа жуық мектептің химия пәні мұғалімдерінің тәлімгері болып қызмет атқарып жатыр. 100 ден аса химия мұғалімдерін оқытып, біліктілігін арттырған. Курсты өткізу барысында жинақтаған тәжірибесі мен білімі арқылы сіздерге пайдалы ақпарат пен тәжірибе ұсынады