“Орта білім беру мұғалімдерінің біліктілігін кешенді арттыру: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мұғалімдердің кәсіби құзыреттерін дамыту”
Курстың бағдарламасы:
Курстың сипаттамасы: Бұл 80 сағаттық курс мұғалімдердің педагогикалық құзыреттіліктері мен оқыту әдістемелерін жетілдіруге бағытталған. Курс оқыту философиясын, жасөспірімдер психологиясын, пәндер бойынша оқыту әдістерін, бағалауды, ата-аналармен өзара іс-қимылды және оқытудың заманауи тәсілдерін қамтиды. Тәжірибелік тапсырмалар мен нақты жағдайларды талдау алған білімді іс жүзінде қолдануға көмектеседі. Курс аясында сыни ойлау, саралау, оқушылардың мінез-құлқымен жұмыс істеу, сондай-ақ үй тапсырмаларының рөлін қайта қарастыруға ерекше назар аударылады. Курс практикалық тапсырмалары мен нақты жағдайларды талқылауды қамтитын модульдерден тұрады, бұл қатысушыларға алған білімдерін тәжірибеде қолдануға және өздерінің педагогикалық дағдыларын сенімді түрде арттыруға мүмкіндік береді.
Жауап: Бейнекурстар - бейнелер түрінде берілген білім беру материалдары. Сіз платформада бейнесабақтарды өтіп, біліміңіз бен білігіңізді арттыра аласыз. Бейнесабақта дәрістер, презентациялар мен практикалық сабақтар болуы мүмкін.
Жауап: Бейнекурсқа тіркелу үшін платформада өзіңізді қызықтырған курсты таңдаңыз. Тіркеліп, төлем жасап, сабақтарды бастай аласыз.
Жауап: Иә, бейнекурстардың артықшылықтарының бірі - оқу кестесін өзіңізге ыңғайлап, кез келген уақытта өте аласыз.
Жауап: Бейнекурстың ұзақтығы тақырыпқа және қиындық деңгейіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір курстар шағын және бірнеше сағатқа созылса, енді бірі ауқымына байланысты ұзақ уақыт алуы (бірнеше апта немесе айға созылуы) мүмкін. Курстың ұзақтығы әр курстың сипаттамасында көрсетілген.
Жауап: Курсты өткеніңіз туралы сертификат алу үшін барлық сабақты сәтті аяқтап, курстың барлық талабын орындауыңыз қажет. Курсты аяқтаған соң сіз өзіңіз тіркелген оқу платформа арқылы сертификатты жүктеп ала аласыз.
Жауап: Егер сізде бейнекурсқа кіру немесе оны көру бойынша техникалық мәселелер туындаса, платформаның қолдау қызметіне хабарласыңыз. Олар сізге техникалық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Белгіленген мерзімде барлық тапсырмаларды орындаған соң оқу жоспарынан сәтсіз өтсеңіз, ақшаңызды қайтарамыз деп кепілдік береміз.
Бізбен бірге оқыту мен оқуға деген көзқарасыңызды өзгертіңіз!
Химия пәнінің мұғалімі, қазіргі таңда Назарбаев университетінің “Білім саласындағы көшбасшылық” атты магистр дәрежесіне оқуда. Оқушы кезінде химиядан бірнеше облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегері. Мұғалім ретінде оқушылары республикалық пәндік, халықаралық Менделеев олимпиадаларының жүлдегерлері. Химия пәнін оқытуда 8 жылдық тәжірибесі бар. Соңғы екі жылда Алматы облысында және Жаңаөзен қаласында барлығы 60-қа жуық мектептің химия пәні мұғалімдерінің тәлімгері болып қызмет атқарып жатыр. 100 ден аса химия мұғалімдерін оқытып, біліктілігін арттырған. Курсты өткізу барысында жинақтаған тәжірибесі мен білімі арқылы сіздерге пайдалы ақпарат пен тәжірибе ұсынады
Химия пәні бойынша МОФ «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» методист-менторы
Оралбек Асылбек
Көпжылдық тәжірибесі бар химия пәнінің мұғалімі. Білім беру саласында 7 жылдан астам еңбек еткен. Оның ішінде 5 жыл Семей қаласында, 2 жыл Арыс қаласында және жарты жыл Есік қаласында «Білім-Инновация» лицейлері базасында жұмыс істеген. Қазіргі уақытта химия пәні бойынша әдіскер болып қызмет атқарады, еліміз бойынша мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, оқыту жүйесін жетілдірумен айналысады. Мұғалімдер арасындағы пәндік олимпиаданың облыстық және республикалық кезеңдерінде І орын иегері. Химия пәнін оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдар мен практикалық бағыттағы курстардың авторы және авторлық ұжым мүшесі. Сондай-ақ педагогикалық тәжірибе алмасуға арналған іс-шаралардың ұйымдастырушысы.
Quantum Tech School методисті
Жұлдыз Саламатова
Назарбаев Университетінде көптілді білім беру (Master in Multilingual Education) саласы бойынша магистр дәрежесін алған. Барселонада орналасқан Europass academy-де Social and emotional learning бойынша білімін жетілдірген.
Химия пәнінің мұғалімі, «Астана-Кітап» ЖШС-нің методисті, кітап авторы
Жұмағұлов Нұрболат
Химия пәнінің мұғалімі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бакалавры, Астана халықаралық университетінің магистранты. Білім беру саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар. Мектептерде, авторлық жобаларда және оқу-әдістемелік орталықтарда қызмет еткен. 7–11 сыныптарға арналған 10-нан астам химия оқулықтарының авторы. Аталған оқулықтар қазақ, орыс және екітілді форматта «Астана-кітап» баспасында жарық көрген. Ол оқу ресурстарын әзірлеуге, химия пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинарлар мен оқыту курстарын өткізуге белсенді қатысады. USTAZ Professional Learning Centre аясында мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетіп, үштілді білім беру бағдарламаларын әзірлеп, енгізді. Сондай-ақ оқушыларды олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындауға қатысқан.
Биология пәнінің мұғалімі, "Отпан" проектісінің ЖМБ мұғалімдерінің менторы
Айдын Ардақұлы
Шымкент Білім-Инновация лицей түлегі. Оқушылар арасындағы облыстық және республикалық биология пән олимпиадаларында бірнеше рет жеңімпаз болдым. Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетте педагогикалық биологияны оқыдым. Назарбаев университетінде “Білім саласындағы лидерлік” магистрімін. 10 жылдан астам әртүрлі қалаларда Білім-Инновация лицейлерінде биология пәнін оқыттым. Бұл уақыт ішінде көптеген оқушыларым облыстық және республикалық биология пән олимпиадаларында жеңімпаз атанды. 4 жылдан астам Түркістан және Маңғыстау облыстарында биология мұғалімдеріне менторлық қолдау көрсету жобаларында координатор және ментор болып қызмет еттім.
"Ustaz.pro" бас директоры
Рамиль Кабдуалиев
Ағылшын тілі мұғалімі, Қазақстан-Американдық еркін университетінің магистрі. Әр жылдары мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру ұйымдарында қызмет еткен. Ағылшын тілін оқыту және әдістемесі, пәндердің жалпы әдістемесі бойынша 15-тен астам әртүрлі бағдарлама мен мектеп басшыларына арналған курстардың авторы.
USTAZ PRO тренер-оқытушысы
Алтын Аманова
Семей педагогикалық институтынын «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 20 жылдан астам тәжірибесі бар педагог-зерттеуші. «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырған Республикалық ашық бейнесабақтар байқауының жеңімпазы.